Короновирусқа қарсы вакцина салдырғандарға «Төлем» картасы сыйлыққа беріледі. Бұл акция Шымкент қаласындағы №13 емханада халықты ынталандыру мақсатында өткізіліп жатыр.
Шымкенттік Жібек Қасымова бүгін короновирусқа қарсы «Спутник ви» вакцинасының алғашқы дозасын салдыруға келді. Екпені еккеннен кейін 59 жастағы тұрғынға №13 емхана дәрігерлері «Төлем» картасын сыйлыққа берді. Бұл акция жөнінде хабарсыз болған ол емхана қызметкерлеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар, қала тұрғындарын екпе салдыруға шақырды.
Бұл акцияның басталғанына бүгін жетінші күн. Транспорт басқармасынан берілген 500 дана «Төлем» картасы тек екпенің алғашқы компонентін салдырғандарға тарту етіледі. Бүгінгі күнге дейін аталмыш картаның 180 данасы тұрғындарға табысталып үлгеріпті. Ал акция барысында вакцинациялануға келетін тұрғындар саны артты дейді дәрігер.
Акция халықты ынталандыру үшін жасалынып отыр дейді мамандар. Ал қазір Шымкентте тұрғындарға вакцинаның 3 түрі салынуда. Олар отандық QazVaс, ресейлік спутник Спутник V Біріккен Араб Әмірліктерінде өндірілген қытайлық Hayat-Vax.
Камила Есенғали