Заңсыз жарнама иелеріне ескерту берілді

107

Шымкент қаласы Абай аудан аумағында заңсыз орнатылған жарнамаларды жою мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының қызметкерлері қатысты.

Рейд барысында Ю.Гагарин көшесі бойындағы заңсыз орнатылған жарнамалар анықталды. Нәтижесінде, 8 заңсыз жарнама иесіне ескерту жасалып, 3 жарнама иесіне хабарлама берілді.

Сонымен қатар, рейдтік топ жарнама иелеріне заңсыздық қайталанған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы яғни, тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқан жағдайда әкімшілік шара қолданылатындығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

Қаламыздың көркіне бірге атсалысайық!