Жанар-жағармай бағасы тағы да өсті

99

Елімізде  жанар-жағармай бағасы тағы өсті. АИ-92 маркалы бензин өткен айда 1,6 пайызға, бір жылда 12,8 пайызға қымбаттап, литрі 171 теңгеден асты.

АИ-95/96 жанармайы 11 пайызға қымбаттап, 192 теңгеден сатылып жатыр. Өткен айларда ғана жанармай құю бекеттерінде 187 теңгеден саудаланған еді.

Ал АИ-98 маркалы бензиннің құны бір айда 1,3 пайызға- өсіп, 209 теңгеден асты. Бұған дейін сарапшылар жанар-жағармай бағасының көтерілуіне ЕАЭО-тың ортақ нарық құру идеясы себеп деген. Алайда мұнайды өңдеуге инвестиция артса, бензиннің өзіндік құны көтерілмейді, дейді мамандар.

Шынар Оразова