Жасыл белдеу және жануарларды қорғау

78

Бадам орман шаруашылығында қарағаш тұқымдары егілуде. Олармен болашақта облыс жолдары бойында жасыл белдеу құру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, орман шаруашылығы тек көшеттермен емес, жан-жануарларды қорғаумен де айналысады.

Бадам орман шаруашылығында қарағаштар отырғызылуда. Бұл ағаш тұзды топырақта және құрғақ аймақтарда өсу қабілетімен танымал. Қарағаштардан Түркістан облысы жолдарының бойына орман белдеулерін құру жоспарлануда. Ал, әзірге мұнда таңдаулы тұқымдары егіліп жатыр.

Қазір Бадам орман шаруашылығында жапырақтыдан қылқан жапырақтыға дейін түрлі 50 тұқымды жарты миллионнан астам ағаш өсіп келеді. Сонымен қатар, атыздар өсімдіктердің түріне және жасына байланысты ұқыпты бөлінген. Сондай-ақ, өте жас көшеттерге арналған арнайы орын бар. Олар алдымен жылыжайларда өсіріледі, содан кейін ашық жерге ауыстырылады.

Осы жас ағаштардың барлығы Түркістан қаласының айналасында жасыл белдеу құрайды. Бадам орман шаруашылығы қызметінің екінші бағыты-жануарлар әлемін қорғау және көбеюге жәрдемдесу. Орман шаруашылығының Боралдай учаскесінде Қызыл кітапқа енген Қаратау арқары, сібір елігі мекендейді. Бұл жануарларды браконьерлердің қолынан қорғау үшін орман шаруашылығы аумағында үнемі рейдтер өткізіліп тұрады.

Алайда қауіп төндіруі мүмкін екінші қатер — өрт. Тілсіз жаудың алдын алу үшін жалпы ауданы 34 мың гектардан асатын орман шаруашылығы мекемесінің аумағында тұрақты барлау жұмыстары жүргізіледі.