Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қазіргі таңда А-2 Алматы айналма жолын қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты, Шымкент қаласы Әкімшілік полиция басқармасымен келісілген сызбаға сәйкес Б.Момышұлы көшесінен Әл-Фараби көшесі аралығының сол жақ бағыты (оңтүстік бағытта) көлік қозғалысы үшін, 2021 жылдың 21-22 шілде күндері шектелетінін хабарлаймыз.
Қала тұрғындарының уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларын сұраймыз.