Аш қарынға екпе қабылдауға бола ма?

275

Аш қарынға екпе қабылдауға бола ма? Соңғы кезде көптің қызу талқысына түсіп отырған бұл сауалға сала мамандары жауап берді.

Шымкент қалалық №3 емхананың бөлімше меңгерушісі вакцина алар алдында белгілі бір тамақтану режимін сақтау міндетті емес екенін алға тартады. Оның айтуынша, аш қарынға екпе қабылдау зиян емес. Себебі ораза кезінде ауыз бекіткен адамдар вакцина қабылдап, кері әсерін көрмеген. Яғни, ақ халаттылар екпе мен тамақтану арасындағы байланыс жайлы тараған ақпараттарды жоққа шығарып отыр.

Феруза Шаметова, Шымкент қалалық №3 емхананың бөлімше меңгерушісі: «Вакцинаның тамаққа қатысы жоқ. Вакцина алатын кезде тойып тамақ ішіп алу, витаминдер қабылдау, құнарлы тамақ ішу деген – ол жалған ақпарат. Мысалы, айтып өтсем, сәуір, мамыр айларында ораза болды. Сол ораза ұстаған адамдар да вакцина алды. Ешқандай реакция болған жоқ. Жағдайлары бір қалыпты. Сол себептен вакцинаның тамаққа қатысы жоқ».

Ақмарал Айтбаева