«Бозарық» станциясына қажетті техникалар орнатылды

90

Шымкент әкімі қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында «Бозарық» қосалқы станциясына да барды. Шаһарда энергетика саласын дамыту бағытында салынып жатқан 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды.

Қуаттылығы 160 МВт қосалқы станцияның құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Аврора Констракшэн» ЖШС.

Бүгінде нысанға қажетті басты құрал-жабдықтар толығымын жеткізілген. Бірқатар құрал-жабдықтар — 220 кВ автотрансформатор, 220 кВ КРУЭ, 110 кВ КРУЭ орнатылды. Қазіргі уақытта жұмыстың 99 пайызы аяқталған.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2016-2021 жылдары жүзеге асыруды жоспарлаған мердігер мекеме басшылары құрылысты биыл тамыз айында іске қосамыз деп отыр.
Мегаполис басшысы М.Әйтенов техникалардың сапалы орналастырылғанына көз жеткізіп, құрылысты жоспарға сай мерзімінде аяқтау керектігін айтты.