Абай саябағында орналасқан Даңқ мемориалындағы мәңгілік алау сөніп қалды.
Қызыл алаудың сөніп қалғанын саябақ аумағын бақылаушы полиция бекетіндегілер байқапты. Тіпті пагондылар саябақтың әкімшілігіне ескерткен де екен. Қазір жауаптылар себебін анықтауда. Ал демалыс аймағына келгендер кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлау үшін қан майданына аттанған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне салынған мемориалдағы алаудың сөніп қалғанын түсіне алмай дал.
Жанна, Шымкент қаласының тұрғыны: «Бүгін Абай саябағына келіп едім, мәңгілік отының сөніп қалғанын байқадым. Олай болмау керек, от — майдангер жауынгерлердің ерлігіне тағзым ету».
Шынар Оразова