Елде ішкі туризмді дамыту мақсатында субсидияланатын әуе рейстерінің саны ұлғайтылды. Енді отандастарымыз Нұр-Сұлтаннан – Балқашқа аптасына 10 рет, Алматыдан – Балқашқа 13 рет қатынай алады.
Билет бағасы 9 мыңнан басталады. Ақтау-Көкшетау бағытындағы рейс саны 5-еуге көбейді. Азаматтық авиация комитеті хабарлағандай, елорда мен Талдықорған арасында да бюджеттік әуе желісі іске қосылады.
Бұдан бөлек, Түркістаннан Ақтөбе және Талдықорғанға тұрақты рейс санын кемінде екеуге арттыру жоспарлануда.
Шынар Оразова