Қазақстанда қызыл статусы бар карантинді режимін бұзушылардың тізімі жарияланады. Бұл қазақстандықтар қоғамға қауіп төндіретіндерді біліп жүруі үшін жасалады.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, коронавирус – өзгелерге қауіп төндіретін ауру. Covid-19 науқастарына карантинді сақтау қажеттілігі туралы қолхат беріледі. Онда жеке деректерді өңдеуге келісім қарастырылған екен.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі: «Конституцияда азаматтардың денсаулық құқығына құқығы бар. Бұл ұжымдық қауіпсіздік үшін және халыққа қауіп төндіретін, азаматтарға жұқтыруы мүмкін адамдар ауруханадан тыс жерде емделсе, олар үйде болуы қажет. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес ковид айналаға қауіп төндіретін індет болып саналады».

Сонымен қатар, Алексей Цой қауіпті вирустың тағы бір жаңа «лямбда» штамы шетелдерде өршіп тұрғанын айтты. Бүгінгі күні 3000 жағдай 30 елде тіркелген. Негізінен, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Еуропа елдерінде. Бұл Чили, АҚШ, Канада, Мексика, Аргентина, Германия, Испания, Италия, Швейцария, Дания және басқалар.

Айта кетейік, коронавирустың жаңа штамының бұл түрі Қазақстанда тіркелмеген. Сондай-ақ, министр елде балаларға вакцина егу қашан басталатынына тоқталды. Айтуынша, балаларға екпе егу ата-анасының таңдау құқығымен ерікті түрде болады. 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау файзер екпесімен жүзеге асуы мүмкін.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі: «Біздің балалар вакцинацияға мүмкіндік алуы керек. Әзірге нақты мерзімдерді атай алмаймыз. Бірақ қазірдің өзінде көптеген ата-аналар өтініш білдіріп, балаларды вакцинациялауды сұрайды, өкінішке орай, әзірге Қазақстанда мұндай вакциналар жоқ. Мүмкіндік пайда болғаннан кейін біз бұл қол жетімділікті қамтамасыз етеміз».

Олжас Айдарбек