2021 жылдың 9-шілдесінде Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша кезектен тыс пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп, 600 000 теңгесін аляқтық жолмен иемденіп алғанын көреткен.

Қаратау АПБ Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, жеткізді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері алаяқтық жайты орын алмас үшін танымайтын бөгде адамдарға ақша бермеуге шақырады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі