Өмірзақ Шөкеев: «Мал азығы бағасын негізсіз өсіруге жол берілмейді»

110

Түркістан облысы елімізде алғаш болып астық жинауға кірісті. Өңірде мал басына қажетті 4 миллион тоннаға жуық мал азығы 100 пайыз жиналады. Бұл туралы облыс әкімінің қатысуымен Қазығұрт ауданында өткен «Мал азығымен қамтамасыз ету және астық ору барысы» туралы көшпелі мәжілісте айтылдыі.

Басқосуда мал азығы қорын молайтып, мал басын сақтап қалу мақсатында облыстағы осы мәселеге талдау жасалды. Өмірзақ Шөкеев жем-шөп көлемін арттырып, егістікті әртараптандыруды жалғастырып, жоңышқа өсіруді дамыту туралы тапсырма берді.

Түркістан облысында мал басына қажетті 4 миллион тоннаға жуық мал азығы толықтай жиналады. Бұл туралы Қазығұрт ауданында өткен «Мал азығымен қамтамасыз ету және астық ору барысы» туралы көшпелі мәжілісте айтылды. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев мәселені шешуге өңірдің толықтай мүмкіншіліктері бар екендігін жеткізді. Және барлық аудан, қала әкімдері мен шаруалардың басын қосқан жиында бірқатар тапсырмалар жүктеп, өзі жіті қадағалайтынын айтты.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Мал азығы бар. Тек қана ұйымдастыру жұмыстары керек. Кейбір шаруашылықтар көмектесу керек. Аудан-аудан аралығында  бір-бірімен сөйлесіп, меморандумға тұру керек. Облыстық шаруашылық басқармасы осыған жауапты болады. Табиғи ресурстар басқармасы жауапты болады. Аудандарда әкім өзі араласу керек. Мен әр 2 аптада мәлімет алып отырамын. Мал азығын уақытылы жинап алу керек».

Бұл іс-шаралар облыс агроқұрылымдарын қолжетімді мал азығымен қамтамасыз етіп, мал шаруашылығының даму қарқынын арттыруға жол ашады. Аудан әкімдері жалпы биыл жайылымдық жерлерде азық жеткілікті екенін айтып, шаруашылықта мәселе болмайды деп отыр.

Бақыт Асанов, Мақтаарал ауданының әкімі: «Біздің ауданның тұрғындары қымбаттатты деген әңгіме дұрыс емес. Неге десеңіз, 100 тоннадан астам мал азығы дайындық керек болса, қазір 40 тонна бізде мал азығын дайындап қойғанбыз. Одан бөлек, 3200 гектар жоңышқа егіліп, 2200 жерге жүгері азығы егіліп, жердің жоспарын бәрін орындаймыз. Қысқыға мал азығы дайындыққа сәйкес орындалады».

Ақментай Есбаев,Келес ауданының әкімі: «Келес ауданында 24300 гектар ғана суармалы жеріміз бар. Соның ішінде 3600 гектар жерге жоңышқа егіледі. Жоңышқа білесіздер, 4-5 орақ орылады. Ол тамыз айының соңына қыркүйек айына барады. Біздің ауданда жалпы 205000 жайылымдық жерлер бар. Сол 205000 жерлерде жантақ ору уақыт бар әлі оған. Өйткені, жантақ әлі піскен жоқ. Жантақтың қоры жиналады. Одан пішен азықтары жиналады. Сонымен биылғы жылдың көлемінде жалпы шаруашылықта қиыншылық болмайды деп есептейміз».

Басқосуда айтылғандай, бастапқыда батыс өңірлеріндегі жағдайдан үрейленіп, әр бума жоңышқаның бағасы 1200 – 1400 теңгеге дейін көтерілсе, қазір облыста егістік алқап басынан табиғи шөптердің бумасы 400-500 теңге, жоңышқа 700-800 теңгеден сатылуда.

Әлихан Файзханов