Оңтүстік Қазақстан университеті лицензиясынан айырылған оқу орнының студенттерін қабылдайды

237

Жуырда ғана үшінші мегаполистегі «Мирас» пен «Орда» университеттері бас лицензиясынан айырылған болатын. Осыған орай аталған жоғары оқу орнындарының студенттерін қабылдауға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті келісіп отыр.

Білім ордасының проректоры студенттер қазіргі жазғы каникул кезінде ауысып келуге толықтай құқылы екенін жеткізді.

Қайрат Нұрманбеков, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бірінші проректоры: «Біздің өзіміздің университте білесіздер үлкен университетпіз. Білімгерлердің саны көп. Сонда да болса, егер осы университеттің студенттері біздің университетке оқимын, ауысамын деген өтініштерін білдіріп жатса, біздің университет бағанағы мемлекеттік университет министрлікке қарасты университет ретінде осы барлық әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, студенттерді қабылдауға дайын».

Сонымен қатар, лицензиясынан айырылған университеттің мемлекеттік грант иегерлері білім ордасын ауыстырған жағдайда, олардың жеңілдіктері жойылмай, толықтай сақталады дейді Оңтүстік Қазақстен университетінің бірінші проректоры.

Ал ақылы бөлімде оқитындар бірінші оқу жылында бұрынғы университетінің оқу ақысын төлеуіне құқылы. Спортта, интеллектуалдық тұрғыда жетістікке жетіп жеңілдік алған және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың жағдайы жаңа оқу орнында да жоққа шығарылмай, өз құқықтары сол күйінде сақталады.

Әлихан Файзханов