Отбасылық өмірдегі алғашқы қадамдары сайлауда дауыс беруден басталды

139

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында ауыл әкімдерін сайлау үшін дауыс беру жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Таулы ауданның тұрғындары еліміз үшін жауапты науқанда белсенділік танытуда. Киелітас ауылдық округ халқы да бүгін таңертеңнен бастап саулай учаскесіне ағылып келуде,

Киелітас ауылдық округіндегі 766 сайлау учаскесінде 1500-ден астам сайлаушы бар. Ауыл тұрғындарының дауыс беруде белсенділігі жоғары.

Еліміздің ертеңі үшін маңызды роль атқаратын науқанда жас отбасылар да шет қалмауа. Олар да өз таңдауын жасап, дауыс беруде. Солардың бірі — Сұлтанрабат елді мекенінің тұрғындары Ирисмат Шахнур мен жары Султанбекова Камила. Күні кеше ғана отбасын құрып, шаңырақ көтерген жастар ауыл халқының жарқын болашағы үшін дауыс бергенін айтады.

Жас отбасы иелері саяси науқанның маңызы зор екендігін сезініп, белсенділік танытуды жөн көріпті. Шахнұрдың жұбайы Камила отбасылық өмірдегі алғашқы әрі жауапты қадамдары сайлауда дауыс беру болғандықтан, қатты қобалжығанын айтады. Алайда, осы округ тұрғындары ретінде дұрыс таңдау жасадық деп қуаныштарын жеткізді.