Қала тазалығы үшін…

89

Бүгін дәстүрге айналған сенбілік Байтұрсынов 59а ауласында өтті. «Қала тазалығы үшін» деген ұранмен Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің еріктілері қаланың көркеюіне өзіндік үлестерін қосты.

Тазалық жұмыстары кезінде бүлдіршіндердің қауіпсіздігі үшін балалар алаңшасы сұйық сабынмен жуылды. Ауладағы ойын элементтері мен орындықтарды сырлау жұмыстары да атқарылды. Сондай-ақ, тұрғындарға қолайсыздық тудырған қураған бұталар қырқылып, ағаш түптері әктелді. Сенбілікте аталған мекенжайдағы шөптер орылып, қоқыс толығымен шығарылды.

Тазалық жұмыстарына жауапты «Назар» және «Айдынбек» мекемелері тарапынан 120 адам және 13 арнайы техника тартылды.

Жалпы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен сенбілік жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп келеміз. Тазалық жұмыстары бұдан кейін де жалғасын таба бермек.