Ағымдағы жылдың 11-шілде күні Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы қызметкерлері мен арнайы мобильдік топ өкілдері рейдтік іс-шара жүргізді.
Іс-шара барысында Шымкент қаласында орналасқан «Мармелад» кафесінің келушілері (жабық ғимаратында) қор-қор (кальян) тұтынған.
Қоғамдық орындарда қор-қор тұтынуға тыйым салудың бұзылу деректері мен Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігерінің №7 қаулысының ережелерін бірнеше рет сақтамауы анықталуына байланысты нысан әкімшісінен түсініктеме алынып, іс-құжаттар аудандық Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тиісті шара көру үшін жолданды.