Салық қарызы 17 мың теңгеден аспайтын азаматтардың шоты бұғатталмайды

92

Бұдан былай салық бойынша қарызы 17 мыңнан аспайтын азаматтардың есеп-шоты бұғатталмайды.Заңнамаға осындай өзгеріс енгізілді. Ал берешек толық өтелген жағдайда банктер шығыс оперцияларын жандандыруға құқылы.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, салықтан жиі жалтаратындар Алматы тұрғындары. Олардың мемлекет алдындағы қарызы 5,1 млрд. теңгеге жеткен. Әсіресе көлік салығын төлемеу деректері тыйылар емес. Ол барлық берешектің 90 пайызын құрайды.

Айта кетейік, салық төлемін e-Salyq Azamat, Egov порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен Қазпошта бөлімшелері арқылы іске асыруға болады.

Шынар Оразова