Шымкентте мемлекеттік кірістер басқармасында көптеген жаңалықтар бар. Салықшылар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларымен бөлісті.
Сондай-ақ, сала жауаптылары салық төлеушілерге арналған қолдануға ыңғайлы жаңа мобильді қосымша туралы да айтты.
Салықты, кедендік төлемдер мен айыппұлдарды үйден шықпай-ақ төлеуге болады. Салық мамандарының айтуынша, е-салық мобильді қосымшасы — бұл мемлекет пен салық төлеушілердің барынша қолайлы жағдайлардағы өзара іс-қимылының жаңа форматы.
Шерхан Жұмақанов, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары: «Бұл салық төлеушілер үшін өте ыңғайлы қосымша. Сіз оны ЭП-сторда немесе плеймаркетке жүктей аласыз. Бар керегі өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңізді көрсетесіз. Сіз үшін қол жетімділік ашық. Сіз салықтарды төлей және бақылап, жылжымайтын мүлікті декларациялай аласыз. Егер салық төлеуші кенеттен артық төлеген болса, онда e-салық қосымшасы арқылы сіз сұрау жіберіп, ақшаны қайтара аласыз».
Нұрсұлтан Оразбаев, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы: «Осы қосымшаның көмегімен мемлекеттік қызметшілерге декларация тапсыруға да болады, қазіргі уақытта біз бұл қосымшаны қалай пайдалану керектігін түсіндірудеміз».
Егер сіздің атыңызға Қазақстан аумағында: үй, пәтер, ғимараттар мен саяжай, гараждар және өзге де нысандар тіркелген болса, онда сізге мүліктік салықты төлеу қажет. Жер учаскесіне де салық салынады. Әл-Фараби ауданы бойынша салық қызметкерлері салық жинау жоспарын асыра орындағандарын айтады.
Шерхан Жұмақанов, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары: «Республикалық бюджет бойынша жоспар 101 пайызға орындалды. Ал жергілікті бюджет бойынша — 115 пайыз. Бюджетке қосымша 1 миллион 765 мың теңге түсті».
Айта кетейік, салықты қыркүйек айының соңына дейін төлеу қажет. Олай болмаған жағдайда, тиісті төлемдер берешекке айналады. Яғни, өсімпұл қосылады.
Олжас Айдарбек