Шағал тас алмақ болған азамат ауыл тұрғындарымен төбелесіп қалды

188

Келес ауданы Қошқарата ауылдық округінің Ұшқын елді мекенінде 2021 жылдың 11 шілде сағат 1 шамасында Қошқарата елді мекенінің тұрғыны Қ деген азамат өз техникасымен Ұшқын елді мекеніндегі Келес өзенінің арнасына түсіп шағал алып жатқан жерінен, ауыл тұрғындары келіп тоқтатпақ болған.

Сол кезде белсенділермен шағал алып жатқан азаматтар арасында текетірес басталып, жанжалға ұласқан. Қ деген азамат Ұшқын елді мекенінің тұрғыны С деген азаматты өз техникасымен жарақаттаған. Жәбірленуші жарақат салдарынан аяғы сынып орталық ауруханаға түскен.

Қазіргі таңда азамат Қ деген азаматтың техникасы Келес аудандық полиция бөлімінің автотұрағына қойылып, «ҚР заңсыз жер қойнауын пайдалу туралы» Кодексінің баптарына және ҚР қылмыстық Кодексінің 345 бабы, 1 бөлімімен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдейміз.