Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Үш күн бойына қалада ковид инфекциясын жұқтырған азаматтардың саны 100-ден жоғары болып отыр.
1 шілде күнге КВИ-дің 103 жағдайы тіркелді. Оның ішінде белгілері бар –76, белгілері жоқ –27. Ал, 41 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 62 адам үй бақылауына алынған.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 936 орын бар. Төсек орын толымдығы 47 пайызды құрайды, 496 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 440 науқас емделуде (КВИ-226, пневмония-214, ЖРВИ-0), жансақтау бөлімінде — 31(8 — ИВЛ,23- НИВЛ).
Бұдан бөлек, жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 288733, ал, тәулігіне-1631 адам. Бір тәулік ішінде қалада 7965 адам вакцина алды (I компонент-4425, II компонент-3540).
Егу науқаны басталғалы барлығы 267 798 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 163456 адам вакцинаның екі компонентін алды. Осыны негізге ала отырып, барша қала тұрғындары мен қонақтарын карантиндік шектеулер мен санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырамыз.