Шымкенттен қанша адам көшіп кетті?

86

Биыл жылдың алғашқы бес айында 168 тұрғын Шымкенттен көшіп кеткен. Олардың таңдауы көбіне ТМД елдеріне түседі екен. Шырайлы шаһар мен зайырлы мемлекеттен жерлестеріміздің қоныс аударуына не себеп?

Жылдың алғашқы 5 айында 168 тұрғын Шымкенттен жат мелекетке түбегейлі тұрғылықты мекенін ауыстырған. Оның өзіндік себептері сан алуан. Туған жерінен қоныс аударғандардың бірі — 23 жастағы Руфина Гаянова. Ол алғашында Санк-Петербургке тек білім алу үшін барған екен. Алайда, оны көрші елдегі жайлы өмір, білім сапасы мен салт-дәстүрі ұстап қалған екен.

«Мен Шымкентте 18 жасқа дейін тұрдым. Толық орта білімді алдым. Ал осыдан 5 жыл бұрын Санк-Петербургке түбегейлі көшіп келдім. Менің ойымша Қазақстанда жоғары оқу орнының саны аз. Және университетке түсу де өте қиын. Сондықтан жастар білім ала алмай қаламыз деп қорқады. Сосын оларға басқа елге кетіп, білім алуға тура келеді. Одан кейін шетелде қалып қояды.»,-дейді Руфина Гаянова.

Өткен жылы 532 адам шаһардан көшіп, тұрғылықты мекенін ауыстырса, ал биыл небәрі 5 айдың ішінде 168 тұрғын шетелге қоныс аударып үлгеріпті. Олардың басым бөлігінің таңдауы ТМД мемлекеттері арасынан Өзбекстан, Ресей Федерациясына түскен. Ал жыл басынан бері шекара асып, үшінші мегаполиске қоныс аударғандар саны — 292.

Ербол Қуатбеков, Ұлттық статистика бюросының Шымкент қалалық департаментінің басқарма басшысы: «Шымкент қаласынан алыс және жақын мемлекеттерге 168 адам кетті. Оның ішінде 157-сі ТМД мемлекеттеріне, ал 11 алыс шетелдерге».

Жүргізген сауалнамадан көргендей жастардың басым бөлігі білім қуалап, жоғары жалақы үшін барады деседі. Айта кетейік былтыр қоныс аударған азаматтардың басым бөлігі Ресей, Өзбекстан, АҚШ, Израиль, Польша мемлекеттерін таңдаған екен.
                                                  Камила Есенғали