Вирус па, әлде зиянкестермен күрес пе?

110

Шымкент тұрғындары кешкісін бетперде мен костюм киіп, иығына асынған аппаратымен жасыл желектерге сұйықтық зат шашып жүрген адамдарды көріп алаңдаулы. Қалалықтарды уайымға салған бұл ыдыстың ішінде не бар екенін тілшіміз анықтаған болатын.

Шымкентте Қарағаш ағашын жеп жатқан зиянкестермен күрес қарқынды жүргізілуде. Осы іске жауапты бас маманның айтуынша, биылғы ауа-райы зиянкестердің көбеюі үшін өте қолайлы болды деп отыр. Енді олармен күрес жүргізу де оңай болмайын деп тұр.

Нұрмахан Жұмағұлов6 «Build stroy» ЖШС-нің бас агрономы:  «Шегіршін кеміргіштері жылына 1 маусымда біздің оңтүстік өңірінде 3 ұрпақ береді. 3 ұрпаққа таратады. 3 ұрпақтың өзі ең қауіптісі бірінші ұрпағы. Олар негізі сәуір айында жайлап жерде олар қыстайды. Жердің қуыстарында, ағаштың жапырағында қыстайды. Сәуір айында жапырағы ағашқа өрмелейді. Сөйтіп, сол 1 ай ішінде олар жаңағы жұмыртқалап, жұмыртқалаған соң майдың аяғында маусым басында уже олардың личинкасы шығады».

Зиянкестермен күресуде «Иммидол» препараты қолданылатын көрінеді. Бас агрономның сөзінше, бұл препарат белгілі бір жағдайларда барлығын толықтай жоқ қылуға қауқары бар.

Нұрмахан Жұмағұлов, «Build stroy» ЖШС -нің бас агрономы: «Біздер негізгі өңдеу жұмыстарын кешкі уақытта жүргіземіз. Өйткені, күндізгі уақытта қатты ыстықта біздің өңдеп жасап, шашып жатқан дәрілеріміз тез буланып, өзінің қасиетін жоғалтады. Сондықтан кешкі 17-00-ден түнгі сағат 01-00ге дейін жұмыс істейміз».

Бұр препараттың адам өмірі үшін ешқандай қаупі жоқ. Егер ол ашық жараға түсетін болса, оны қарапайым сумен шайып тастау жеткілікті.

Қалада барлық ұйымдардың зиянды жәндіктермен күрес жүргізбеуі мәселені күрделендіре түсіп отыр. Егер «Билд Строй» компаниясы жауапкершілік аймағына кіретін аумақтардағы жәндіктердің көзін құртса, басқа жақтағы ағаштар өңделмей, салдарынан зиянкестердің одан әрі көбею үшін қолайлы жасалуда. Мамандардың айтуынша, мұндай күресу шараларын барлық жерде жүргізу керек. Әйтпесе, қарағаштардың жойылып кету қаупі жоқ.

Әлихан Файзханов