Синоптиктер: Алдағы күндері қатты ыстық күтіледі

147

Шілденің шіліңгірі басталды. Шымкентте және Түркістан облысы аумағында қазірдің өзінде күндіз сынап бағаны + 37-градустан жоғары көтеріліп, аптап ыстық мазаны алып тұр. Қазгидромет синоптиктері Түркістан қаласында 3-і мен 4-шілдеде ауа температурасы +41+43 градусқа дейін көтеріледі деген болжам жасауда.

Ираннан шыққан ыстық құрғақ ағынның салдарынан облыста ауа райы ыси түседі. Ыстықтың беті солтүстік- батыстан келген антициклонның әсерінен 8 шілдеде қайтады. Ал Шымкентте 6-7 шілде күндері қатты ыстық күтілуде.

Әсия Қыдырбаева, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы: «Шымкент қаласында демалыс күндері түнде ауа температурасы 22-24 градус жылылылықты көрсетсе, күндіз 37-39 градус. Қатты ыстық 6-7 шілде аралығында орын алады 40-42 градусқа дейін жоғарылайды».

Синоптиктер Түркістан облысында ең ыстық ауа температурасы Қызылқұмдағы шөл жерлерде +45 градус, ал Төлеби ауданындағы Шуылдақ станциясында +26 градус тіркелгенін айтады.

Шынар Оразова