Токио Олимпиадасы көрермендерсіз өтеді. Бұл ақпаратты елдің Жазғы Ойындарды ұйымдастыруға жауапты министрлігі растады. Шектеу Жапония астанасына тарайды. Ал, қалған префектураларда көрермендерді жіберу не жібермеу мәселесі әлі талқыланып жатыр.
Мұндай шешімнің қабылдануына елде коронавирус инфекциясының өршуі себепші. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына орай Токиода келесі айдың 22-не дейін төтенше жағдай тәртібі енгізілді. Ал, Олимпиада ойындары шілденің 23-і мен тамыздың 8-і аралығында өтеді.
Шынар Оразова