Төлеби ауданы, Көксәйек ауылдық округі, Қазақстан елді мекеніндегі «Жомарт» шаруа қожалығы 2002 жылы құрылған. Қожалық мал өсірумен және бордақылаумен айналысады.
Бүгінгі таңда онда 50 жылқы, 100 ірі қара, 2 000 қой бар. Шаруа қожалығының иесі Аманжолов Нұрболдың айтуынша, жылына 120-130 тонна ет өндіреді.
Негізінен, қой еті өндіріліп, сауда орындарына шағарылады. Жалпы 6 адам тұрақты жұмыс істейді. Маусымдық жұмыс кезінде қосымша 25 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Алдағы уақытта қожалық мал санын арттырып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды көздеп отыр.