Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын атап өту аясында Түлкібас ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы аудандық өлкетану музейіне «Қазақ даласының батыры-Күш атасы Қажымұқан» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Көрмеде Қажымұқанға қатысты құнды жәдігерлер мен құжаттар, өмір жолын айғақтайтын суреттер көрермен назарына ұсынылды.
Іс-шараға Қажымұқанның көзін көрген, өнер көрсету кезінде пайдаланған тасын 75 жыл сақтап, 2018 жылы музей қорына өткізген қарт ана Жаңыл Бекбауова қатысты. Қария естеліктермен бөлісіп, батасын берді.