Түркістан облысы әкімінің өкімімен Қайрат Әзімов Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қайрат Әзімов 1986 жылы Түркістан облысы Созақ ауданы Шолақ-Қорған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Мамандығы- Экономика, РФ Сыртқы істер министрлігінің дипломатиалық академиясы. Мамандығы – Халықаралық қатынастар магистрі.
Еңбек жолы 2008-2010 жылдары ҚР Сыртқы істер министірлігінде атташенің міндетін атқарушы болып бастаған. 2011-2013 жылдары ҚР Ресей Федерациясындағы елшілігінде хатшы, 2015-2017 жылдары ҚР Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласындағы бас консулдығының хатшысы, 2018-2019 жылдары Астана қаласындағы «УАҚЫП» Қазақстандық қайырымдылық қоры президенті, 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасы басшы орынбасары, 2021 жылдан Нұр-Сұлтан қаласының « Алматы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.