Түркістанда әскери ардагерлерге құрмет көрсетілді

174

Түркістанда ҚР «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Жиын барысында әскери ардагерлерге Қорғаныс министрінің, ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының Алғыс хаты беорілді. Оған қоса мерекелік медальдар мен Құрмет грамоталары табыс етілді.

Рашид Аюпов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары: «Қаншалықты әскери қызметкерлердің мінез-құлқы мықты болатынын. Өйткені қасында оқ, танк атылып, адамдар жүгіріп команда беріліп жатқан кезде өзін ұстау қиын. Ол жай ғана оқу жаттығу, ал сіздер оданда үлкен жерлерден өттіңіздер. Сондықтан мына елге, жұртқа қызметтеріңіз үшін алғысымды айтқым келеді. Дендеріңіз сау болсын, амандық болсын… Мерекелеріңіз құтты болсын».

Іс-шараға қатысқандар ардагерлер зейнетте жүрсе де Қарулы Күштердің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосып жатқандығын айтты. Сонымен қатар, жастарға патриоттық тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп келетінін жеткізді. Салтанатты жиын соңы Түркістан мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Олжас Айдарбек