Осы мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерді.
Заң үстемдігі орнықпаса жəне азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, əлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды.
Халық үніне құлақ асатын мемлекет – бұл, шын мəнісінде, «Əділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы.
Азаматтардың мəселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жəне əділ шешім шығару қажет. Халықтың мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын əзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек.
Мемлекет басшысының айтуынша, құқық қорғау жəне сот жүйелеріне негізгі рөл жүктеледі. Яғни Жолдаудың басты мәні модернизация, соның ішінде құқық қорғау саласын жаңғырту деп айтуға болады.
Бұл қадам еліміздің заңнама, құқық салаларында жасалып жатқан өзгерістердің логикалық жалғасы саналады. Бүгінде Қазақстан халықаралық қылмыстық әділеттілік индексі бойынша 58-орынға тұрақтап тұр. Алайда құқық қорғау органдарының жұмысында айыптау үрдісі әлі де басым. Яғни сот ісін жүргізудің тиімді моделінсіз қылмыс мәселесіне қатысты сапалы саясат ұстану мүмкін емес.
Сондықтан мемлекетімізге азаматтардың өмірін, құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған күрделі функционалдық өзгерістер қажет болды.
Тәуе묬сіздік жылдары елімізде осы саланың жұмысын түрлендіруге қатысты халықаралық тәжірибеде қолданылатын бірқатар жекелеген өзгерістер енгізілді.
Оған қарамастан, қылмыстық іс жүргізуімізде Кеңес өкіметінің құқық жүйесінен қалған дақ әлі де бар.
Мемлекет басшысы атап өткендей, құқық қорғау жүйесінің жұмысында бұрынғы дағды бойынша айыптауға бейімділік басымдау болып тұр.
Қоғамдық пікір де осы ойды ұштайды. Азаматтар көп жағдайда қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылады. Тиісінше, құқықтары да бұзылады.
Сондықтан қозғалған істің көбісі сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде азаматтарды ақтау негіз¬дері бойынша тоқтатылып келген.
Мемлекет басшысы және Бас Прокурормен қойылған талаптарды орындау үшін,
Бірінші кезекте, бізге прокурордың өзін жаңарту қажет болды.
Ол үшін, прокуратура ардагерлері және сот қызметкерлерінің қатысуында семинар-тренингтер ұйымдастырдық, дискуссия жасадық, қала прокуратурасында сынақ тапсырдық.
Екінші кезекте, техникалық жабдықтау және прокурорларға дерекқорды үйрету қажет болды. Бұл мақсатта, прокуратураның талдау бөлімшесінің қызметкерін оқытып, кейін ол өзге прокурорларға сабақ өтті.
Үшінші кезекте, полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қажет болды.
Ол үшін өзіміз барып тренингтер ұйымдастырсақ, органның әр шешімін дерекқорға енгізбес бұрық зерделеуден өткіздік, оған қоса арнайы шаблон түздік.
Бұл жұмыстардың нәтижесі ретінде, Әл-Фараби ауданының прокуратурасымен жаңа модельге сәйкес қылмыстық істер бойынша күдікті деп тану туралы 525 процестік шешімнің 19-ын ғана, тұлғаның әрекетін саралау туралы 454 процестік шешімнің 32-ін ғана келісуден бас тарттық.
Ал, істі қайта саралау туралы 447 процестік шешімнің 23-ін, 1044 мерзімін үзу туралы шешімнің 109-ын, өндірістен тоқтату туралы 752 шешімнің 70-ін келісу/бекітуден бас тартылған.
Бұл мысал Мемлекет басшысының үш буынды модель концепциясының айқын көрінісі.
Ағымдағы жылы прокурормен келісілген/бекітілген шешімдер бойынша сотпен ақтау үкімдері немесе тергеу сотымен бұзылған шешімдер орын алмағанын атап өту қажет.
Ауданымызда қылмыстық процесті цифрландыру жұмысыда қарқынды жүзеге асырылуда.
Бұл жаңашылдық азаматтардың құқығын қорғау кезінде өте тиімді құрал.
2018 жылдан бастап Бас Прокуратура электрондық қылмыстық істі енгізуде.
Қазірдің өзінде ауданда тіркелген істердің 58,2%-ы цифрлық түрде тергеледі.
Демек электрондық жүйеде манипуляция жасау және бұрмалау мүмкін емес.
Осылайша үш буынды модельде жұмыс жасау құқық қорғау органдарының жұмысын түбегейлі өзгертетіп, басты мақсатқа, яғни азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына алып келетіні анық.
Қ.Хандиллаев,
Әл-Фараби ауданының прокуроры