Коронавирусқа қарсы екпе қабылдаған адам донор бола ала ма? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау вице-министрі жауап берді.
Оның сөзінше, вакцинацияланған адамға донор болу үшін бір ғана шектеу бар. Ол – екпеден кейін екі апта көлемінде донор болмау.
Марат Шоранов, Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары: «Жалпы вакцина алған адамның донор болуына ешқандай шектеу жоқ. Тек бір ғана шектеу бар. Екпе алғаннан кейін екі аптаның ішінде донор болуға болмайды. Ал жалпы ғалымдардың мәліметі бойынша ондай шектеулер жоқ».
Сонымен қоса, мамандар коронавирустың су қабылдау жолдары арқылы жұқпайтынын айтады. Яғни, тәжівирусы сумен берілмейді. Бірақ, мамандар су қоймаларында ара қашықтық сақталмаса коронавирусты жұқтыру қаупі үлкен екенін ескертеді. Себебі коронавирус ауа арқылы таралады.
Ақмарал Айтбаева