Вакцина алған студенттер арасында акциялар өткізетін ЖОО тізімі кеңейтіліп жатыр

46

Вакцинацияланған студенттер мен оқытушылар арасында акциялар өткізетін жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтіліп жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі ведомство басшысы А. Аймағамбетовтің студенттер мен оқытушылардың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялауға ынталандыру жөніндегі тапсырмасы туралы хабарлаған болатын.

Қазір 20 жоғары оқу орны жедел шаралар қабылдап, бүгінгі таңда тізім тағы 8 университетпен толықтырылды. Осылайша, жоғары оқу орындарының ректорлары қазір күллі әлемде жүргізіліп жатқан вакцинация қарқынын күшейту жөніндегі жұмысты қолдайды. Студенттер мен оқытушыларды вакцинациялауға ынталандыру үшін қолданылған нақты шаралар мен жоғары оқу орындарының тізімін қоса береміз.

Satbayev University Қарағанды техникалық университеті

С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті

Торайғыров Университеті

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Студенттер мен жоо оқытушылары арасында вакцинацияны ынталандыру бойынша акциялар

Satbayev University Вакцинацияланған студенттер үшін:

— жеке стартап ашуға 5 млн теңге грант;

— жоо жатақханаларында тұру үшін 20 орын

— елдегі немесе шетелдегі жетекші компанияларда өндірістік практикадан өтуге жұмсалған шығындарды толық өтеу — Qoldau бизнеске арналған цифрлық платформамен бірлесіп кәсіпкерлік дағдыларды дамыту курстарына 100 сертификат

— сессияны уақытында тапсырмаған студенттерге курстардан екінші мәрте тегін өту және 3 кредитті қайта тегін тапсыру мүмкіндігі

— офлайн-қызықты шығармашылық, ғылыми, спорттық іс-шараларға (мейкатондар, хакатондар, турнирлер, концерттер және т. б.) қатысу мүмкіндігі Вакцинацияланған қызметкерлер мен педагогикалық оқытушылар құрамы үшін:

— орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыстан 2 күнге босату

-10 қызметкерге осы жылдың соңына дейін жоо жатақханаларында тұруына 50% жеңілдік Қарағанды техникалық университеті — 2022 жылдың жазына студенттер арасында «Политехник» спорттық-сауықтыру лагеріне тегін жолдамалар ұтыс ойыны

— 2022 жылдың жазына «Политехник» спорттық-сауықтыру лагеріне оқытушылар мен қызметкерлер арасында тегін жолдамалар ұтыс ойыны

— күзгі семестрде студенттерге ағылшын тілі курстарына тегін қатысу

— басқарма төрағасы жоо ректорының стипендияларын тағайындау кезіндегі басымдық С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті

— ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жоо-ның вакцинацияланған 20 студенті мен 10 қызметкеріне Түркістан қаласына жолдама

— Кәсіподақ комитетінің желісі бойынша сауықтыру шипажайына 2 жолдама

— 2021-2022 оқу жылында вакцинацияланған студенттерге стипендия іріктеліп беріледі

— жоо рәміздерімен сыйлықтар ұтыс ойыны

— шет тілдерін оқыту бойынша тегін курстар

— жоо жатақханасында студенттердің тұруына 50% жеңілдік

— мұнай-газ компанияларында студенттердің өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі -түрлі тренингтер мен мастер-класстарға және басқа да іс-шараларға тегін қатысу

— вакцинацияланған студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде оқуға басымдық беру

— республикалық және халықаралық конкурстарға тегін қатысу Торайғыров Университеті

— 15 студентке ҚР Конституциясы күніне орай Нұр-Сұлтан қаласына жолдама — студенттер мен оқытушылар үшін спорттық-сауықтыру кешеніндегі фитнес-залға баруға 25 тегін абонемент -университеттің «Баянтау» жазғы сауықтыру лагеріне 30 студентке жолдама — кәсіподақ мүшелері үшін сауықтыру кешеніне жолдама ұтыс ойыны — вакцинацияланған оқытушылардың демалысына қосымша күндер — бір оқу жылы ішінде жоо жатақханасында 40 студенттің тұруына 50% жеңілдік — студенттер арасында iPhone 12 сертификатының ұтыс ойыны С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — вакцинация паспорты бар, вакцинацияланған оқытушылар мен университет қызметкерлері арасында бағалы сыйлықтардың, тұрмыстық техникалардың ұтыс ойыны — вакцинацияланған оқытушылар мен университет қызметкерлеріне қалалық қоғамдық көлікте жол жүру билеттері — вакцинация паспорты бар оқытушылар мен қызметкерлер үшін Щучье курорттық аймағында тимбилдинг өткізу — вакцинаның екі компонентін алған жатақханаға мұқтаж студенттер вакцинация төлқұжатын ұсынған кезде жатақханада бір ай тегін тұрады — студенттер арасында бағалы сыйлықтардың ауқымды ұтыс ойындары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті — оқытушыларға вакцинациядан кейін (бір күн) демалыс беру — вакцинациядан толық өткен топ кураторларына, старосталарына алғыс хаттар, сыйлықтар (20-дан астам студенттер тобы) — вакцинацияны өз ерікімен салдырған алғашқы 50 студент конкурстан тыс ең жақсы студенттер үйінде тұруға жолдама алады — 50 топ старостасына, белсенділерге Түркістан қаласына экскурсияға тегін жолдамалар беріледі — өз еркімен вакцина салдырған әрбір 400-ші студентке оқу ақысын төлеуге 20% жеңілдік беріледі — әрбір 500-ші өз еркімен егілген студент планшетті сыйлыққа алады — өз еркімен вакцина алған әрбір 200-ші студент Нұр-Сұлтан қаласына экскурсияға жолдама алады — вакцинация бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде белсенділік танытқан студенттер туралы ақпарат арнайы стендте және университет сайтында орналастырылады

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті — «Сарыағаш», «Манкент», «Жаңақорған» шипажайларына 5 жолдама ұтысы ойыны — студенттер арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті — бірінші жарты жылдықта университет жатақханасында 100 студенттің тегін тұруы — вакцинацияланған студенттер арасында бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны — университеттің имидждік өнімі түріндегі сыйлықтар — вакцинацияланған студенттердің конкурстарға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға басым құқығы — жоо-ның 50 оқытушысына Ыстықкөлге жолдама — көшпелі ғылыми семинарлар мен конференцияларға, біліктілікті арттыру курстарына қатысу кезінде басымдылық және қаржылық қолдау көрсету — ғылыми мақалаларды университет шығарған журналдарда және ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда жариялау кезінде қаржылық қолдау көрсету — оқу жылы ішінде жоо оқытушылары мен қызметкерлеріне ақылы демалыс күнін ұсыну