2021 жылдың 1-шілдесінде Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азамат сеніміне кіру арқылы өзінің жер телімі бар екендігін және оны сататындығы туралы жалған сөздер айтып, 8 миллион теңгесін иемденіп алып, қазіргі уақытқа дейін жер телімін бермей не ақшасын қайтармай жүргендігін көрсеткен.
Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілген. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері алаяқтық жайты орын алмас үшін танымайтын бөгде адамдарға ақша бермеуге шақырады.