Елімізде эпидахуал күн сайын күрделеніп келеді. Сарапшылардың мәліметінше, аталмыш індетке шалдыққандардың көбі жүкті әйелдер.
Осы жағдайды ескерген Денсаулық сақтау министрлігіндегілер болашақ аналарға да тәжівирусына қарсы вакцинаны егу қарастырылап отыр дейді.
Роза Қожапова, ҚР ДСМ Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы: «Егер әйел вакцинаның алғашқы дозасын алып, кейін жүкті екенін білсе, қорқынышты ештеңе жоқ. Оған екінші доза алмау туралы медициналық анықтама береді. Қазіргі таңда жүкті әйелдерге вакцина салу мәселесі әлем бойынша талқыланып, қарастырылып жатыр».
Мамандар егер нәзік жанды жүкті екенін білмей, ковидке қарсы вакцинаның алғашқы дозасын қабылдап қойса, еш қауіп жоқ екенін алға тартады.
Манар Смағұл, ҚР ДСМ «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары:» Егер де әйел вакцина қабылдап жүкті екенін білмей қалса, оның ешқандай қауіп-қатері жоқ. Ары қарай ешқандай іс-әрекет жасаудың қажеті жоқ. Егер екінші вакцинаны аламын десе ол әйелдің өз еркі. Бізде бүгінгі күні жүкті әйелдерге егеміз деген нақты дерек жоқ. Жүкті болып вакцина қабылдағанда ешқандай қорқыныш жоқ. Себебі дүние жүзінде ондай зерттеулер жүргізіліп жатыр. Ертеңгі күні мүмкін бізде ковидке қарсы жүкті әйелдерге вакцинация жүргіземіз. Неліктен? Себебі, жүкті әйелдердің арасында ауыр хәлден өткендердің саны көп».