Жыл басынан бері 1 мыңға жуық отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды

95

Еңбек ресурстарының арқасында 3 102 адамды құрайтын 967 отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған. Оның ішінде 1 346 адам еңбекке қабілетті жаста.

Солардың арасында 906 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылса, 60 адам бүгінде кәсіпкерлік қызметпен айналысып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысып, 437,3 мың адам жұмысқа орналасқан. Оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді

Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.

Әлихан Файзханов