15 қыркүйекте емханаға тіркеу науқаны басталады

177

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны басталады. Шара қарашаның 15-іне дейін жалғасады.

Биыл шетел азаматтары мен еңбек мигранттары үшін емханаға тіркеу ережесі өзгерді. Тамыздың 15-інен бастап аталған санаттағы азаматтарда ерікті медициналық сақтандыру келісім шарты болуы міндеттелген.

Жаңа ережелерге сәйкес, елімізге уақытша келген азаматтығы жоқ шетел азаматтары немесе пана іздеушілерді емханаларға тіркеу ерікті медициналық сақтандыру келісім шарты негізінде жүргізіледі. Медициналық көмек құжаттағы белгіленген мерзімде көрсетіліп, ол аяқталғанда азамат тіркеуден шығарылады.

«ЕАЭҚ мүше мемлекеттерінен келген еңбек босқындарына да алғашқы медициналық көмек қызметін алу үшін ерікті медициналық сақтандыру қажет. Емханаға тіркелу үшін арыз бен жеке куәлігі немесе шетел төлқұжаты ұсынылады. Медициналық мекемеге арыз беруші өзі не ерікті медициналық сақтандыру бойынша келісімшартқа тұрған сақтандыру ұйымының өкілі бере алады»,  дейді
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры » КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.

Медициналық сақтандыру жүйесі бойынша Шымкентте алғашқы медицианлық көмекті 41 медициналық ұйымда көрсетіледі. Олардың 14-і мемлекеттік емханалар болса, қалғандары жекеменшік.

№1 қалалық емханасына әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша шетел азаматтары дәрігерлер көмегіне жүгінбеген және емханаға тіркелуге шағым түсірмеген.

Айта кететін жәйт кепілді медициналық көмек алу үшін елімізде 15 қыркүйектен бастап ерікті түрде медициналық ұйымдарға тіркелу науқаны басталады. Қазір халық арасында түсіндру жұмыстары жүргізілуде. Зейнеткер Людмила Жукова өзімнің үйренген емханамда қайта тіркелемін деп отыр. Өйткені көп жылдардан бері осында тегін медициналық көмекті алып келемін дейді қала тұрғыны.

Емханаға тіркелемін десеңіздер Электрондық Үкімет веб-порталы арқылы «Денсаулық» бөлігіне кіріп, «Алғашқы медикалық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» қызметін таңдайсыз. Ондағы бетті толтырып медициналық ұйымға арыз бересіз.

Пациенттер туралы мәліметтерді емханалар мемлекеттік ақпараттық жүйеден автоматты түрде алады. Тіркелгені жайлы хабарлама азаматқа медициналық ұйымның электрондық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат ретінде беріледі.