Республикалық бюджеттің шығыстары 2022 жылы 15,9 трлн. теңге көлемінде болмақ.
Бұл туралы Үкімет отырысында 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының жобасын таныстыру кезінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті.
Кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы — 2,4 триллион теңге, 2023 жылы — 2,2 триллион теңге және 2024 жылы — 2 триллион теңге мөлшерінде айқындап, әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағыттау ұсынылып отыр.
Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы әзірленді.
Шынар Оразова