700 мың теңгеге жуық айыппұл сайрамдық кәсіпкерлерге түк емес

326

Бүгін аудан басшысы Уласбек Сәдібекұлының тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Мадияр Мұхтарұлы, аудандық полиция басқармасының басшысы Бауыржан Батырбекұлы бастаған мобильді топ Қарамұрт, Ақсукент, Манкент, Қарабұлақ ауылдарындағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, нысан иелеріне бірқатар ескертулер жасалып, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына мобильді топ тарапынан ұсыныс жолданды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрица бойынша Түркістан облысы «Қызыл» аймаққа енгенін хабарлаймыз.

Сондықтан да арнайы мобильдік топтар шектеу шараларын қатаңдатуға кірісті.
Сондай-ақ ауылдық округіндегі демалыс күндері жұмыс жасауға тиым салынған нысандар өз жұмысын тоқтатар емес.

Айта кетсек, аудандық полиция басқармасы тарапынан мобильді топ мүшелерінің анықтаған карантин талаптарын сақтамай жұмыс істегені үшін жеке кәсіпкерлерге ҚРӘҚБтКодекстің 425 бап 1 бөлігімен айып пұл жеке тұлғалар 30 АЕК немесе 83 340 теңге , кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК немесе 638 940 теңге айыппұл салынды