Шардара АПБ-ға алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, алыс танысы банк қосымшасы арқылы өзіне ақша аударып аламын деп алдап, 14 миллион теңгеге атынан несие рәсімдегенін айтқан.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Осындай жолмен тұрғынды алдап, өзінің құрығына түсірген алаяқ адамды ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында, ақпарат көздері арқылы 2 тәулік ішінде күдікті ұсталды. Тәртіп сақшылары алаяқты өзінің тұрғылықты үйінен тауып, Шардара АПБ-ға жеткізді.

Полицейлер күдікті деп танылған жергілікті тұрғынның ірі көлемдегі ақшаны құмар ойынға жұмсап жібергенін анықтады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың айласына алданбай, барынша абай болуды ескертеді. Ақшаңызды, банк кәртішкеңіздің құпия сандарын ешкімге айтпауға және бермеуге кеңес береді.

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі