Бірнеше жыл бұрын Kolesa.kz АҚШ пен Канададағы жүк көлігін жүргізушілердің жұмысы қалай болатынын зерттеген еді. Аталған іссапар танымдық сипатта болғанымен, Роман Масленниковтің тәжірибесі күнделікті өмірде адамдарға пайдасын тигізуі мүмкін.
Bloomberg ақпаратына сенсек, қазір АҚШ-та жүк көлігін жүргізушілердің жетіспеуі тарихтағы ең жоғары деңгейге жеткен. Жүк тасымалдаушылар аз болғандықтан зат уақытында жеткізілмей, түрлі тауарлар мен азық-түлік бағасы өсіп жатыр. АҚШ-та автомобиль жолдары жақсы дамыған, сол үшін зат жеткізуде ТМД-дағы секілді теміржол тасымалы емес, жүк көліктері бірінші орында тұрады.
Шілдеде көлік, еңбек күші және қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты АҚШ федералды мекемесінің басшылары автокөлік саласының өкілдерімен жиналыс өткізіп, жүргізушілерді сақтап қалу және мамандардың ауысуын азайту мәселесін талқылады. Жиналыста ауыр жүк көлігін жүргізушілердің ең төменгі жас шегін 21-ден 18 жасқа төмендету және мигранттардың осы салада еңбек етуіне рұқсат беру ұсынылды. Демек тәжірибелі жүргізушілердің бұл елге қоныс аударуына мүмкіндік беріледі. Bureau of Labor Statistics мекемесінің статистикасына сенсек, Америкада жүк көлігін жүргізушінің жалақысы әртүрлі. Жүргізуші біліктілігі мен тәжірибесіне қарай жылына 30-90 мың доллар аралығында табыс табады.