АШМ: Мемлекеттік субсидия арқылы құстарды сақтандыру жүйесі нарыққа шығады

35

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі нарыққа жаңа өнімді шығара отырып, сақтандыру құралдарын кеңейтеді.

 

Бүгінгі күні мал шаруашылығы саласындағы сақтандыру сыйақыларының бір бөлігін субсидиялау мақсатында 6 өнім бекітілді. Енді бұл тізімге құстарды сақтандыру өнімі қосылды. Оператор ретінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ болып бекітілді.

Сақтандыру үшін кем дегенде 30 бас құс болу керек. Құстардың санына байланысты -2,31 пайыздан 2,77 пайызға дейінгі түрлі деңгейдегі тарифтер белгіленді. Бұл өнімді оператор бекіткендіктен сақтандыру сыйақыларын мемлекет субсидиялайды.

Ол фермерлерді ынталандыруға және сақтандыру сыйақысы сомасының 50 пайызын субсидиялау арқылы сақтандыру шартының жарты құнын арзандатуға бағытталған.

Шынар Оразова