«Ashyq»: Түркістан облысында «қызыл» статусы анықталған 23 азаматқа 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды

143

Түркістан облысында 2122 азамат үй карантинінде. 23-мамыр мен 28 шілде аралығында 150 азаматтың «қызыл», «сары» мәртебесі бола тұра оқшаулау режимін бұзғандығы «Ashyq» жобасы арқылы белгілі болды.

Оның ішінде 36 азамат «қызыл» , 114 азамат «сары» статусында анықталды. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 14 күндік үй карантинін бұзған 36 азаматтың 23-не 10-маусымнан бастап ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған тұрғындар қоғамдық тамақтану орындарына, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен қонақ үй, сауда үйлеріне кірмек болғанда «Ashyq» бағдарламасы арқылы нысанға жіберілмеді.

Жоғарыдағы талаптар бұзылған жағдайда 87510 теңге айыппұл салынатыдығын естеріңізге саламыз.

Айтып өтейік, Түркістан облысында «Ashyq» жобасы сәуір айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Бүгінгі таңда 3116 нысан жүйені пайдаланады. Кәсіпкерлік палатасына «Ashyq» жобасын енгізу үшін тағы да 3374 өтініш берілген. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес талаптарды орындамаған, яғни келушілердің QR-код (check-in) сканерлемеген, жұмыс алгоритмін бұзған 177 нысан жобадан шығарылды. Коронавирус ауруы ауа-тамшы жолдары арқылы жұғып, тез таралатындықтан, өзіңіз бен өзгелердің денсаулығына қауіп төндірмегеніңіз абзал.

1.Ахмедов Равшан -Сайрам ауданы

2.Мирасулов Закиржан — Сайрам ауданы

3.Құдайбергенов Шерзод -Келес ауданы

4.Құдайбергенова Саадатбу -Келес ауданы

5.Ілешова Айжан -Сарыағаш ауданы

6.Абдалиев Тимур -Сарыағаш ауданы

7.Сағатова МадинаБону -Сарыағаш ауданы-

8.Жарылқапова Ботагөз -Сарыағаш ауданы

9.Джакипбеков Габидулла -Сарыағаш ауданы

10.Бабайхан Нұрай -Кентау қаласы

11.Тораханов Тимур -Кентау қаласы

12.Тастанова Забира — Жетісай ауданы

13.Бухарова Меруерт — Шардара ауданы

14.Иманғожин Сұлтан — Түркістан қаласы

15.Есенбек Беласар — Түркістан қаласы

16.Биболат Серикбай — Түркістан қаласы

17.Алтаев Дастан — Түркістан қаласы

18.Шаметов Улугбек — Түркістан қаласы

19.Акешова Феруза — Түркістан қаласы

20.Иманберберлинова Алия — Түркістан қаласы

21.Паттаев Улмас -Түркістан қаласы

22.Икмашова Насиба -Түркістан қаласы

23.Байжанова Мадина -Түркістан қаласы