Шымкентте соңғы уақытта жасөспірімдер арасында коронаиврустан жұқтыру дерегі жиілеп кетті. Бар болғаны тамыз айының 8 күні ішінде кәмелетке толмаған 2035 бала індет жұқтырған. Осылай деген санитар дәрігерлер дабыл қағып отыр.
Айтуларынша, балалар көп жағдайда ауруды жақын туыстарынан жұқтырған. Өткен тәуліктің өзінде Шымкентте 565 адамнан тәжівирусы анықталды. Науқастар арасында 18 жасқа толмаған 100 бала бар. Оның 80-і әлі 14 жасқа да толмаған.
Қазіргі таңда шаһарда эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі, қала «қою қызыл» аймақта қалып отыр.
Әлихан Файзханов