Балалары бар екі әйел есірткі қойып кетумен айналысқан

74

ШҚО-да балалары бар петропавлдық әйелдер есірткі қойып кетумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесу бойынша кезекті арнайы операция жүргізді.

Бұл жолы Петропавл қаласынан келіп, жалдамалы пәтерлерде Telegram мессенджері арқылы “скорость” және “меф” деп аталатын психотроптық заттарды сатумен айналысқан 18 және 25 жастағы бір топ әйел құқық қорғау органдарының назарына түсті. Есірткіні қойып кетумен айналысқандардың бірі 8 және 6 жастағы екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана екені белгілі болды. Ол заңсыз әрекетін реттеу үшін ағымдағы жылдың маусым айында қалаға келген. Біраз уақыттан кейін қалаға келген әпкесі де қылмыстық іске араласқан.

Тінту барысында 2000-нан астам бір реттік доза, шамамен 700 грамм синтетика тәркіленді. Оның “қара нарықтағы” бағасы 11 млн. теңгеден асады. Қазіргі уақытта екеуі де қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың бірі қамауға алынды. Балалары жақын туыстарына берілді. – Тәркіленген тыйым салынған синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 700 граммды құрады. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 296 және 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олардың санкциялары 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.