Қауіпті вирустың өршіп тұрған шағында карантин талаптарын сақтау маңызды болып отыр. Алайда шектеу шараларына құлақ аспай, адам көп жиылған жерлерге бару әлі де тиылар емес. Әсіресе тау шатқалына барып демалушылардың қатары қалың.
Күні кеше Төлеби ауданындағы тау жағалай орналасқан демалыс аймақтарына
таңғы 7:30 бастап блок бекет жұмыстары өз деңгейінде ұйымдастырылды.
Төлеби ауданындағы Біркөлік, Қасқа су, «Тау Самалы», «Жандарбек», «Алматау» демалыс аймақтарында арнайы блок бекеттер қойылды. Таулы аймақ болғандықтан демалушылар келу легі кешкі уақытқа дейін тоқтамады. Оларды арнайы топ өкілдері кері қайтарды.