Күні кеше сағат 20:28-де Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би көшесінде орналасқан А. Асқаров атындағы дендросаябақтың аумағында құрғақ шөптің жанғаны туралы хабар келіп түскен. Өрт сағат 20:50-де оқшауланып, сағат 20:56-де толығымен сөндірілді.

Өрттің көлемі 150 ш.метрді құрады. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Оқиға орнына Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 22 қызметкері, 4 техникасы жұмылдырылды.

Құрметті қала тұрғындары! Еске сала кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 336-бабы бойынша жеке тұлғаларға 20 АЕК (58 340 тг.), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 500 АЕК дейін (1 млн. 458 мың 500 тг.) айыппұл салынады.