Шымкенттік оқушы соғыста қайтыс болған майдангердің туыстарын іздестіруде

126

 Ол фашистік шайқастан оралмаған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің туыстары мен жақындарын іздеумен айналысады. Мектеп оқушысы Артур Дрейлинг мұның бәрін тегін жасайды, қан майданында соғысқандардың жүзден астам туыстарын тауып үлгерген.

Артур іздеу жұмыстарын әлеуметтік желі арқылы жүзеге асырады, ол ТМД және алыс шетел еріктілерінің қатарына қосылған. Осылайша оқушы ондаған жылдар бойы таба алмай жүрген өзінің арғы атасын тапқан.

Шымкент қаласының тумасы Әділ Усмановтың мүрдесі Украина жерінен бауырлас зираттан табылды. Ұлы Отан соғысы батырының қасында бүлінбеген құжат жатқан. Сол бойынша іздеушілер жауынгердің тұрған және 1924 жылы туғанын анықтаған. Майданнан оралмаған сарбаздардың туыстарын іздестірумен қазір шымкенттік оқушы Артур Дрейлинг айналысуда. Ол Ұлы Отан соғысының майдан даласында қалған барлық жауынгерді мәңгілік еске алу — біздің міндетіміз деп санайды.

Артур Дрейлинг, ерікті: «Жауынгердің сол қолында құжат табылды, онда біздің қаламыздан шыққан деп жазылған. Біз оның туыстарын табамыз деп үміттенеміз».

Соғыстан үйіне оралмаған ардагерлерді іздестіруді жас жігіт бір жыл бұрын бастаған. Оның үлкен атасы да хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болған. Мұрағат деректері мен қамқор адамдардың арқасында Артур әлеуметтік желілер арқылы туысының қайда жерленгенін білді. Бұл үшін оқушыға шамамен бір жыл қажет болған екен.

Артур Дрейлинг, ерікті: «Бір жыл бұрын мен іздеуді бастадым және жерлеу орнын анықтадым, арнайы еріктілер тобы мен «Память народа» сайты арқылы атамды таптым. Міне, енді басқаларға да көмектескім келеді. Мен бүгінгі ұрпақ өз батырларын білгенін қаламаймын».

Ұлы Отан соғысы кезінде хабар-ошарсыз кеткен кейбір майдангерлер туралы әлі де ешбір хабар жоқ. Олар шайқаста қаза тапты ма, тұтқынға алынды ма немесе тірі қалды ма — туыстары оны білмейді. Артур үшін солдат Усмановтың туыстары туралы кез-келген ақпарат қазір маңызды. Іздестіру жұмыстарын аяғына дейін жеткізу маңызды деген ол майдангердің сүйегі туған жеінде жерленуі керектігін айтады.