2021 жылдың 13-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша ұлын мүгедектік топқа шығарып беретінін айтып, сеніміне кіріп, 220.000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденгенін жазып көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ №29 УПП қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге шақырады.