Несиені біреудің атынан алып, белгісіз бағытқа аударып жіберген

178

2021 жылдың 18-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға өзінің атынан ашылған банк есеп шотынан 500.000 теңге несие алып, белгісіз бағытқа аударып алғанын көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полиция қызметкерлері танымайтын бөгде азаматтарға жеке басына қатысты мәліметтерді бермеуге шақырады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі