Президент қазақстандықтарды елдің 19 миллионыншы тұрғынымен құттықтады

74

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті. Бұл туралы Twitter-де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды.

 

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!», — деп жазды Мемлекет басшысы.