Қазақстандағы алтын кенінің 36% Шығыс Қазақстан облысының аумағында шоғырланған деп мәлімдеді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев.
«Қатты пайдалы қазбалардың қорын есептеу металл пайдалы қазбалардың 37 түрі және бейметаллдың 65 түрі бойынша жүргізіледі. Алтын кен орындарының негізгі қорлары Шығыс Қазақстан облысында – 36%, Ақмола облысында – 21%, Қарағанды облысында – 11% шоғырланған. Мыстың 82% қоры еліміздің Шығыс және Орталық өңірлерінде шоғырланған. Үш мыңнан астам қорғасын-мырыш кен орындары және кен ашылымдары, негізінен, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған», — деді ведомство өкілі.
Шынар Оразова